Көмектесу үшін бірігеміз!

Көмектесу үшін бірігеміз!

🕘 30 мамыр күні сағат 17:00 – де  Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.

💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

📍 Мекен - жайы:

  1. Алматы қ., Достық даңғылы 85А "Caspian University".
  2. Алматы қ., Құрманғазы көшесі 107 «Қонаев университеті».

Толығырақ ақпарат алу үшін: 👉 https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/

🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!