Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы тыл еңбеккерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы тыл еңбеккерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлері тыл еңбеккері Анна Ивановна Иващенконы құттықтады.

Соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегіне құрмет көрсету, ризашылық білдіру және шынайы мойындау белгісі ретінде оған мерейтойлық медаль мен сыйлықтар табыс етілді.

Өз кезегінде Департамент патриоттық тәрбие мәселелеріне, аға буынды құрметтеу және тарихи жадыны сақтауға айрықша көңіл бөліп келеді.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау - ортақ міндет және абыройлы іс.