Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Департаментте салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Департаментте салтанатты іс-шара өтті

Департамент басшысы Талғат Башев жеке құрамды құттықтап, мерекелердің ерекше маңыздылығын және Жеңіс күнінің бағасын ерекше атап, тілек білдірді.

Бұдан әрі іс-шара қызметкерлерге үлгілі міндеттерді орындағаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапаттарды салтанатты түрде табыстаумен жалғасты:

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Жұмағалидің бұйрығымен екі қызметкерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі» атағы мерзімінен бұрын берілді, бір қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығы» медалімен марапатталды, бір жас қызметкер алғыс хатпен марапатталды;

- Департамент басшысы Т. Башевтың бұйрығымен бес қызметкер грамотамен марапатталды;

- облыс әкімі А. Шахаровтың бұйрығымен бес қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында ұжымдағы әйелдер қауымы  ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміз бен халқымыздың игілігі үшін одан әрі аянбай еңбек етуді, өз міндетін абыроймен және мақтанышпен орындауды тіледі.