Ант қабылдау, корпоративтік және отбасылық құндылықтар - Антикор қызметкерлерінің отбасыларына арналған Ашық есік күні өтті

Ант қабылдау, корпоративтік және отбасылық құндылықтар - Антикор қызметкерлерінің отбасыларына арналған Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 3 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде корпоративтік мәдениетті, отбасылық құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, дәріптеуге бағытталған салтанатты іс-шара өтті.

Шара Мемлекеттік гимнмен басталды. Содан соң, Департамент басшысы Талғат Башев моральдық тұрақтылық пен қызметтік борышқа адалдықтың, отбасы институтының маңыздылығы аталған ыстық тілегін көпшілікке жеткізді

Шараның басты сәті - қызметке жаңадан қабылданған офицерлердің ант беру рәсімі болатын. Салтанатты ант барша әріптес-қызметкерлердің, басшылықтың және отбасы мүшелерінің алдында айтылып, дәстүрлі рәсімге ерекше мән берді.

Бұдан басқа, бағдарлама барысында отбасы мен ата-ана тәрбиесінің рөліне ерекше назар аударылып,  қызметкерлердің ата-аналары тарапынан да құттықтау тілектер де айтылды. Отанға қызмет пен заңдылықты қорғауды таңдаған қызметкерлерді мақтаныш ететіндерін білдірді.

Шараның ресми бөлігінен кейін Департаменттің жұмыс кабинеттеріне экскурсия жасалды. Шара барысында қонақтар қызмет шарттарымен және күнделікті жұмыспен танысуға мүмкіндік алды. Қызметкерлердің балалары үшін анимациялық бағдарлама ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды.

Мұндай іс-шараларды өткізу тұрақты адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға, қызметкерлердің құлшыныстарын арттыруға, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға,  жұмыс тиімділігі мен қызметтегі адалдықты қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.