«Заң мен Тәртіп»: Ақтөбе облысында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

«Заң мен Тәртіп»: Ақтөбе облысында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң мен Тәртіп» құндылықтарын қалыптастыру және азаматтық белсенділікті дамыту мақсатында облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.

Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерінен құралған командалар белсене қатысты. Турнир барысында қатысушылар өзекті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша өздерінің дәлелдері мен көзқарастарын ортаға салды.

Марапаттау рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Наркозы Картжан қатысып, жастардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық сауаттылығының жоғары деңгейін атап өтті.

Жеңімпаз командалар мен үздік спикерлерге дипломдар мен естелік кубоктар табысталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған мұндай іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыратын болады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#АдалАзамат

#Әділдік

#Жауапкершілік

#Теңқұқылы

#Әдептібол!

#Ұқыптыбол! 

#Тәртіптібол!

#үлкенгеқұрмет

#ҚұқықтықМәдениет