Ақтөбе облысында Шекара қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысында Шекара қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген салалардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жобаларын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шараларын талқылау болды.

Кездесу барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты жетілдірудің нақты жолдарын ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңдылық пен әділеттілікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыра береді және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП