
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Департамент басшысы Талғат Башев Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысына қатысты.
Іс-шара барысында «Coca-Cola Алматы Боттлерс» ЖШС, «AKTOBE STEKLO» ЖШС, «KMG PetroChem» ЖШС секілді инвестициялық жобалар таныстырылды.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – бизнеске лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау болды. Бұл мәселе Департаменттің тұрақты бақылауында.
Айта кету керек, өңірде 2023 жылдан бері «Бизнеске жол» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.
Ағымдағы жылы сауда саласындағы жеті кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП