«Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың Ақтөбе бөлімшелік басқармасы» ММ еңбек ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін жаңашылдықтар, қолданыстағы нормалар және этика мен мораль стандарттарына сай мінез-құлық мәдениеті жөнінде кездесу өтті.
Іс-шара барысында қолданыстағы нормативтік актілердің негізгі ережелері түсіндірілді, қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығына назар аударылды.
Талқылау тікелей диалог форматында өтті, онда қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП