Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы тегін құқықтық кеңес өткізді

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы тегін құқықтық кеңес өткізді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде тұрғындарға заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер құқықтық көмек көрсетті.

Азаматтар жұмысқа орналасу, азаматтық-құқықтық мәмілелер, субсидиялар, өз құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту туралы мәселелермен жүгінді.

Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда мінез-құлық тетіктері туралы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттырады, қоғамның билік органдарына және заңдылық пен тәртіп қағидаттарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП