
Денсаулық сақтау саласы қоғамда маңызды рөл атқарады.Алайда,ертерек жүргізілген талдау Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау үдерісінен бастап -медициналық ұйымдарда негізсіз төлемдер есептелгенге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін анықтады.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында ғана алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, еңбек ұжымдарымен және медициналық мекемелердің комплаенс-офицерлерімен 10 жұмыс кездесуін өткізді.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсты енгізу - этикалық принциптерді нығайтуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және пациенттердің сенімін арттыруға көмектеседі.
Кездесу барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары, өзекті жобалармен жұмыс нәтижелері туралы айтылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы еске салынады.
Медицина қызметкерлерінің этикалық стандарттарға адалдығы қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға көмектеседі.
Осындай жұмыс әр түрлі мақсатты топтармен тұрақты негізде жүргізіледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Әділдік
#Жауапкершілік