Кәсіпкерлермен сындарлы диалог

Кәсіпкерлермен сындарлы диалог

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Талғат Башев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» залында өткен кәсіпкерлермен және инвесторлармен кездесуге қатысты. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде өтті.

Кездесуді облыс прокуроры М. Әбішев ашып, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті. Облыс әкімі А. Шахаров кіріспесөз сөйледі. Қатысушылар алдында облыс әкімінің орынбасары А. Әбдікәрімов және облыс прокурорының орынбасары мазмұнды баяндамалар жасады.

Талғат Башев өз сөзінде инвестициялық ахуалдың заңдылығын, ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты әріптестіктің маңыздылығына назар аударды.

Іс-шараның екінші бөлігінде қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін талқылады және билік өкілдерінен түсініктемелер алды. Кездесу соңында кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдау өтті.

Бұл іс-шара бизнес-ортадағы заңдылық пен тәртіпті қолдаудың стратегиялық бағытына толық сәйкес келетін, өңірдің мемлекеттік органдары мен іскерлік қоғамдастығы арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы тағы бір қадам болды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП