
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкері Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздерімен, құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі шаралармен, сондай-ақ адалдық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарымен танысты. Әдеп пен құқық нормаларын сақтағаны үшін әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог атмосферасында өтті - студенттер белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және жастар арасында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған идеяларды ұсынды.
Іс-шара Қазақстанда 2025 жылы жарияланған жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында өтті, бұл құрылыс және өндірістік сектор саласындағы болашақ мамандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән береді.
Департамент жастар арасында, әсіресе жақын арада еңбек нарығына шығатын тұлғаларға принциптілік, жауапкершілік және азаматтық жетілуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап көрсетеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат
#Әдептібол!
#Ұқыптыбол!
#Тәртіптібол!
#үлкенгеқұрмет
#ҚұқықтықМәдениет