Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті - Ақтөбе облысы Нотариаттық палатасының директоры Дарья Әділова өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайтуға белсенді қатысады.
Ерікті өз қызметінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын, әділеттілік құндылығын насихаттайды,сондай-ақ кәсіби ортада және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға жеке үлес қосуда.
Оның үлгісіне сүйене отырып, облыс нотариустары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдап, азаматтарға олардың құқықтарын түсіндіріп, заңнаманы сақтауға шақырады.
Барлық нотариустарда азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сұрақтармен немесе хабарламалармен жүгіне алатын 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпараты бар плакаттар орналастырылған.
Азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын, ашықтық және заңдылық қағидаттарын ілгерілетудегі кәсіби қоғамдастықтың рөлін атап өтеміз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік азаматтардың сенімін нығайтуды жалғастыруда және адамгершілік және адал қоғамды қалыптастырудың пәрменді құралына айналуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік