
Ақтөбе облысының 440 білім беру ұйымдарында шамамен 40 000 адамды қамтитын «Парасаттылық сағаты» форматында бірқатар іс-шаралар өтті.
Бұл акция тоқсан сайын «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайту, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа тұрақты әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Түсіндіру жұмыстарына облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен білім басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ педагогтар мен жұртшылық өкілдері қатысады.
Жас санаттарына сәйкес оқушылармен әр түрлі форматтағы іс-шаралар: адалдық пен әділеттілік туралы тақырыптық ертегілер мен шеберлік сабақтарынан бастап, алдын-алу әдістерін жетілдіру бойынша пікірталастар мен ұсыныстарға дейін өткізілді.
Бұл іс-шаралар жас ұрпаққа тұрақты тіректер құруға және адалдық, заңдылық, тәртіп пен сатылмаушылық құндылықтарына бағдарлануға мүмкіндік береді.
Кездесулер барысында оқушылар мен студенттерге медиа материалдар көрсетілді, содан кейін олар белсенді пікір алмасып, сұрақтар қойды.
#Заң_мен_Тәртіп