Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қоғамдық Кеңес бірлескен отырыста негізгі мәселелерді талқылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қоғамдық Кеңес бірлескен отырыста негізгі мәселелерді талқылады

2025 жылғы 28 наурызда «Antikor ortalyğy» алаңында Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің заңдылық, құқықтық тәртіп,әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының жұмысы шеңберінде бірлескен отырысы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Талғат Башев, Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тәттігүл Талаева, заңдылық, құқықтық тәртіп, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Аслан Балқасынов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Т.Башев Кеңесті аша отырып, Департаменттің басым салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Өз сөзінде ол құрылыс саласы сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім болып қалатынын және өткен жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашы болғанын атап өтті.Талдаудың алдын ала нәтижелері бірқатар проблемалық аспектілерді анықтаған: ЖСҚ-ны дұрыс есептемеу, мердігерлерді лицензиялауға қатаң талаптардың болмауы, кепілдік мерзімдерін белгілемеу,негізсіз төлемдер және тапсырыс берушілер тарапынан әлсіз бақылау.Осы факторлардың барлығы қоғамның әділ шағымдарын тудырады.

Отырыстың тағы бір маңыздымәселесі тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатудағы проблемаларды талқылау болды. Соңғы жылдары «Ақтөбе«ӘКК» АҚ қызметі өнім тапшылығы мен сапасына байланысты БАҚ пен халық тарапынан сынға ұшырауда. Т.Башев ӘКК жұмысының тиімділігіне және оның халықтың қажеттіліктеріне уақтылы жауап беру қабілетіне күмән туғызатынын атап өтті.Ол отырыс Қоғамдық кеңестің қатысуымен осы мәселелерді шешудің нақты тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді деген үмітін білдірді.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев ұзақ құрылыстарды болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Ақтөбе «ӘКК» АҚ азық түлікпен қамтамасыз ету департаментінің директоры Нуркеев Ерлан тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері туралы баяндады.
 

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар қаралып отырған мәселелер бойынша тиімді шешімдер әзірлеу және қоғамдық бақылауды күшейту үшін өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.