Антикор Ақтөбе қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне «Заң мен тәртіп» идеологиясының қағидаттарын түсіндірді

Антикор Ақтөбе қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне «Заң мен тәртіп» идеологиясының қағидаттарын түсіндірді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің «№8 мекеме» РММ қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесудің мақсаты - қызметкерлерде заңдылық,тәртіп және қызметтік міндеттерін адал атқару қағидаттарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың негізгі аспектілері түсіндірілді.

Әр қызметкердің құқықтық тәртіпті нығайтудағы және заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылады. «Заң мен тәртіп» идеологиясы мемлекеттік органдардың жұмысында адалдықты, әділдікті және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, бұл қоғамдағы тиімді құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады.

Департамент мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында осы идеологияны ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және қызметте заңдылық пен адалдық қағидаттарын сақтауға шақырады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#АдалАзамат

#Әділдік

#Жауапкершілік

#Заңүстемдігі

#Заңбәрінеортақ