Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жұбанов университеті бірлесе отырып, «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен маңызды кездесу ұйымдастырды. Шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысының м.у.а Талғат Башев, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, комплаенс кеңсесінің офицері Нұрлан Қаржаубаев және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Нурлин қатысты.
Кездесу барысында заң мен тәртіптің қоғам мен экономика үшін маңызы, сондай-ақ заңды сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Талғат Башев әрбір азаматтың заңды сақтау міндеттілігі туралы айтып, қоғамда құқықтық тәртіптің сақталуының маңыздылығын атап өтті. Ол жастарды заңның үстемдігін сақтауға шақырып, тәртіп пен заңдылықтың тұрақты дамудың негізі екенін түсіндірді.
Жадан Бисенбин өз кезегінде заңды сақтау мен құқықбұзушылықтардың алдын алудың экономикалық тұрақтылыққа ықпал ететінін атап өтті. Ол құқықтық тәртіптің экономикаға және жалпы қоғамға оң әсерін тигізетінін, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін маңызды екенін айтты.
Комплаенс кеңсесінің офицері Нұрлан Қаржаубаев студенттерге болашақта кездесетін кәсіби құқықтық мәселелерді шешуде қажетті практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбек Нурлин заң мен тәртіптің қоғамды дамытудағы рөлін түсіндіріп, студенттерді құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер спикерлермен ашық сұхбат жүргізіп, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыру бойынша пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер студенттерге болашақта кәсіби өмірде өз құқықтарын қорғауға және заңды дұрыс қолдануға көмектеседі.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП