Ақтөбеде монополист ұйым 45 кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген

Ақтөбеде монополист ұйым 45 кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 45 кәсіпкер «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның негізсіз әрекеттері бойынша шағымданды.

Монополист кәсіпкерлерге тұрақты негізде жылына 27,3 млн теңге төлей отырып, электр қондырғыларын бірлесіп пайдалануға шарт жасасу туралы заңсыз хабарлама жіберген.

Хабарламаны ағымдағы жылдың 10 қаңтарында жіберіп, 1 ақпанға дейін орындауды көрсеткен. Бұдан басқа, шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмеген.

Сондай-ақ, монополист хабарламада талаптарды орындамаған жағдайда электр энергиясын тұтынушыларға беру тоқтатылатынын айтқан.

Осы шарттан түскен ақыға монополист электр желілерді жөндеуді жоспарлаған.

Департаменттің араласуымен мүдделі тұлғалардың  қатысуымен жиын өткізіліп, нәтижесінде кәсіпкерлерге жолданған заңсыз хабарламалар кері қайтарылды.

Осылайша, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.