Балаларға сауықтыру лагерінде квест-ойын ұйымдастырылды

Балаларға сауықтыру лагерінде квест-ойын ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Шұғыла» балалар сауықтыру лагерінің базасында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «ADAL ADAM» ауқымды квест-ойынын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа адалдық пен әділдік принциптерін нығайтуға, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге көмектесу болып табылады.

Ойын 3 турдан тұрды, оған 7-14 жас аралығындағы демалушы балалар арасынан 6 команда қатысты:

1 кезең - адалдық пен әділдік принциптері туралы ситуациялық сипаттағы сұрақтардан тұратын викторинадан;

2 кезең - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы суреттер байқауынан;

3 кезең - барлық қатысушылар белгілі бір семантикалық өрнек жинаған басқатырғыштан тұрды.

Ойын қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев жеңімпаздарды алғыс хаттармен және естелік мүсіншелермен марапаттады.