Ақтөбеде жер алу үшін кәсіпкерге әлеуметтік жобаларды іске асыруға 5 млн. теңге салуын талап еткен

Ақтөбеде жер алу үшін кәсіпкерге әлеуметтік жобаларды іске асыруға 5 млн. теңге салуын талап еткен

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер қиыршық тас өндіру үшін жер учаскесіне құқық беруден  негізсіз бас тартылғанына қатысты жүгінді.

Әкімдік кәсіпкерге учаскеде өндіруді жүзеге асыруға рұқсатты беру үшін «әлеуметтік жобаларды іске асыруға 5 млн.теңге салуға міндеттенетін» Меморандумға қол қоюды талап еткен.

Облыстық антикордың араласуынан кейін Әкімдікке тиісті ұсыным жіберіліп, нәтижесінде кәсіпкерге жер учаскесіне құқық беретін құжаттар берілді.