Кәсіпкерге кафе салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын бермеген

Кәсіпкерге кафе салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын бермеген

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартқан Ақтөбе қаласының әкімдігіне шағымданды.

Әкімдік құрылыстың учаскенің нысаналы мақсатына сәйкес еместігіне сілтеме жасап, кафе салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын бермеген.

Мәселені зерделегеннен кейін, Департамент мүдделі тараптармен кеңес өткізіп, Бас жоспарға сәйкес құрылыстың нысаналы мақсатын сөзбе-сөз көрсете отырып, қайта өтініш жіберу туралы келісімге қол жеткізді.

Қазіргі таңда кәсіпкер құрылысқа қажетті барлық құжаттарды алды.