Ақтөбе облысында арзандатылған дизель отынын жеткізушісін анықтау процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды

Ақтөбе облысында арзандатылған дизель отынын жеткізушісін анықтау процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы үшін өткір әлеуметтік мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу болып табылады.

Ағымдағы жылы арзандатылған отын жеткізушісінің операторын анықтау бойынша конкурсқа қатысушылардың бірі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуі нәтижесінде, конкурстық процестің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары қабылданды.

Өтініш аясында конкурс "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджері Қ.Серікжановтың, облыстың Қоғамдық кеңес мүшелерінің, облыстық мәслихат депутаттары мен "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің бақылаушы ретіне қатысуымен өткізіліп, ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілді.

Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, ең төмен баға ұсынған "АЗС Лидер" ЖШС жеңімпаз ретінде танылып, шамамен 25 млн.теңге сомасындағы бюджет қаражаты үнемделді.