26 жетім бала баспаналы болады!

26 жетім бала баспаналы болады!

Жетім балалардың қиын тағдыры қамқор адамдарға әрқашан үлкен жанашырлық тудырады.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткір әлеуметтік проблемадан тыс қалған жоқ.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорының мәліметтеріне сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаты бойынша 1792 кәмелетке толмаған жетім балалар есепте тұр.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында тұрғын үй алу үшін кезекке енгізілмеген 35 жетім баланың құқықтарына қысым жасау фактілері анықталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілетті органдарға жетім балаларды тұрғын үй есебіне қою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жіберді, бүгінгі күні жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халық тарапынан сын тудыратын проблемаларға ерекше назар аударатынын атап өту қажет.

Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы О.А. Бектенов халықтың әлеуметтік проблемаларына жеке өзі араласып, көзбояушылыққа ұмтылмай, нақты нәтижеге басымдық беру қажеттігін атап өтеді.