Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық көліктік бақылау инспекциясы ұжымымен және жүк тасымалдау саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шарада ҚР ИИДМ Көлік комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындылары талқыланды.

"Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі үлесі  - пара алу, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану болып табылады", - деп атап өтті облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкері Мақсат Әбекенов.

Спикердің айтуынша, соңғы 5 жылда Көлік комитетінің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері 96 қылмыс жасаған, бұл ИИДМ-де жасалған барлық қылмыстардың 94% - ын құрайды.

85 қылмыс бойынша 35 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылған, оның 12-сі басшы санатындағы тұлғалар болып болып табылады. Негізінен, қылмыстар Нұр-сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола және Алматы облыстары бойынша көліктік бақылау инспекцияларының қызметкерлері көп жасалған.

Департамент өкілінің айтуынша, облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметін талдау барысында инспекторлардың құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау, қызмет алушылармен және құқық бұзушылармен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Сондай-ақ, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде инспекторлар өз қалауы бойынша шешім қабылдай алатын нормалар анықталды.

Бүгінгі күні аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдануда.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Антикор өкілдері инспекцияның лауазымды тұлғалары мен жүк тасымалдаушыларды парақорлық үшін жауапкершілік туралы тағы да ескертті.