Тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыланды

Тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан өңірдің проблемалық мәселелеріне қатысты мониторинг жүргізіп келеді. 16 шілде күні "Аntikor ortalyğy" сервис ғимараты алаңында Ақтөбе қаласының проблемалық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары А. Мирзалиев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е. Кенжеханұлы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Д. Көбенов, Превенция басқармасының басшысы Г. Рабай, оның орынбасары Б. Шуиншбаев, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының м. а. т. Уснадин, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е. Мұздыбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж. Қосмұханбетов, "Aqtobe su-energy group" АҚ директоры Е.Жексембинов пен белсенді қоғам өкілдері қатысты.
Жиын барысында халық арасында ең өзекті және жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болып табылатын Ақтөбе қаласы аумағындағы кәріз-тазарту құрылыстарының проблемалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Диалог барысында қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, қолданыстағы суларды тазарту кезеңділігі жүйесі және мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері бөлігінде жұртшылық өкілдерінен бірқатар ұсыныстар келіп түсті.
Нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.