«Талап. Еңбек. Терең ой» интеллектуалдық байқауы өткізілді

«Талап. Еңбек. Терең ой» интеллектуалдық байқауы өткізілді

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күні қарсаңында Ақтөбе облысында мемлекеттік орган қызметкерлері қатысқан «Талап. Еңбек. Терең ой» интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Шараны Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырған.

Байқау «Кім жылдам?», «Сіз білесіз бе?», «Тарих тағылымы» және «Ақтөбе ономастикасы» кезеңдерінен құралып, барлығы 25 мемлекеттік қызметші өз бақтарын сынады.

Байқаудың бас жүлдесі - бірінші орынды әріптесіміз, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының бас маманы Мақсат Абекенов жеңді.

Екінші орынды Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маманы Айбат Оразалин, ал үшінші орынды Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Айдана Кудайбергенова жеңді.