Ақтөбе облысында жемқорлық туралы хабарлаған 13 адамға сыйақы берілген

Ақтөбе облысында жемқорлық туралы хабарлаған 13 адамға сыйақы берілген

Ақтөбе облысында соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 13 адамға жалпы сомасы 2.2 млн. теңгені құрайтын сыйақы тағайындалған деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

Азаматтар көбінесе ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 30 желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы күшіне енген болатын.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК(2 917 000 теңге)аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы бұрынғыдай, 30-дан 100 АЕК(87 510 теңгедег 291 000 теңгеге дейін) дейін белгіленеді.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша 30 АЕК, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 40 АЕК, ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша 50 АЕК, ауыр қылмыстық істер бойынша 70 АЕК және аса ауыр қылмыстар бойынша 100 АЕК мөлшеріндегі сыйақы қарастырылған.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын болса сыйақы аталған соманың10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен(11 668 000 теңгеден) аспайды.

Біржолғы ақшалай сыйақы берілуі үшіназамат берген ақпарат шындыққа сәйкес келуі тиіс. Бұдан басқа, соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысы, қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енуінемесе қылмыстық істіңақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылуы тиіс.

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардыбарынша қырағы болуға, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытып,«1424» нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын республикалық кол-орталыққа жүгінуге шақырады.

Сонымен қатар, азаматтар аталған нөмір бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты кез келген кеңесті ала алады.