Ақтөбе облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Ақтөбе облысында «Заң мен тәртіп» апталығы:  Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Сыбайлас жемқорлық – бұл жай ғана құқық бұзушылық емес, ол кез келген қоғамның іргетасын: мемлекеттік институттарға деген сенімді, экономикалық тұрақтылықты және әлеуметтік әділеттілікті бұзатын жүйелі қатер. Онымен күрес құқық қорғау органдарының күш-жігерін ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың белсенді, саналы қатысуын талап етеді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаудың әрбір фактісі ашық және адал мемлекет құрудағы маңызды қадам болып табылады.

Осы процестегі азаматтардың маңызды рөлін түсіне отырып, мемлекет сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлауға бел буғандарға жан-жақты қорғауды және құпиялылықты қамтамасыз етеді. Сіздің хабарламаңыз жай ғана хабарлау емес, бұл елдің болашағына қосқан үлес және ол заңның барлық қатаңдығымен қорғалады.

Ақтөбедегі жақында болған оқиға бір адамның принципшілдігі сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын қалай кесіп, кінәліні жауапкершілікке тартуға болатынын айқын көрсетті. Ақтөбе қаласының №2 сотының 2025 жылғы 10 қаңтардағы үкіміне сәйкес, азамат С. лауазымды тұлғаға пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

 

Азамат С. әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаменті ЖПҚ қызметкері Арман Жолдыбаевқа пара беруге әрекеттенген. Алайда, инспектор Жолдыбаев заңға және парақорлыққа қарсы қағидаттарға қатаң сәйкестікте әрекет етіп, пара беру әрекеті туралы дереу хабарлады. Бұл жедел және батыл әрекет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сотқа дейінгі тергеуді бастауға мүмкіндік берді, ол айыптау үкімімен аяқталды. Сот С.-ға 112 500 теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.

Бұл жағдай Қазақстанда «сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» қағидатының шынымен жұмыс істейтінін және кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сомасына қарамастан, өзінің құқықтық бағасын алатынын айқын дәлелдейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық туралы хабарлайтын тұлғалар үшін толық құпиялылықты және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғаудың кешенді бағдарламасына енгізілген, бұл олардың құқықтары мен кепілдіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

Енді қорғау шаралары тек жеке қол сұғылмаушылықты ғана емес, сонымен қатар құпия ақпаратты күшейтілген қорғауды, сондай-ақ өтініш берушілердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтиды. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің комиссия құрамына міндетті түрде қатысуынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды. Одан бөлек, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам туралы құпия ақпаратты жария еткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қорғау шараларынан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен тұлғаларға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Егер кінәлі тұлғаға қатысты сот шешімі немесе айыптау үкімі заңды күшіне енсе, сыйақы мөлшері пара сомасының немесе келтірілген залалдың 10%-на дейін жетуі мүмкін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат үшін 15,7 миллион теңгеге дейін сыйақы қарастырылған.

Әрқайсымыз әділ қоғам құруда негізгі рөл атқара аламыз. Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәсі болсаңыз – хабарлаңыз! Сіздің хабарламаңыз заңсыз әрекеттердің жолын кесуде шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен байланыс үшін келесі арналар қолжетімді: тәулік бойы жұмыс істейтін Антикор Call-орталығы: 1424 нөмірі бойынша және WhatsApp-чат-бот Антикор 1424: +7 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберіңіз. Аумақтық Antikor Ortalygy: Ақтөбе қаласы, Марьесьев көшесі, 93 мекенжайы бойынша жеке хабарлауыңызға болады.

Бірге біз сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұрып, адалдық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген қоғам құра аламыз. Сіздің қадамыңыздың маңызы зор.

 

#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок