«Заң және тәртіп» апталығы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Әнуар Исаев «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.
Күн тәртібінде өңірдегі автогаз құю және жанармай құю станцияларына жоспардан тыс тексерулердің көбеюі жағдайында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Отырысқа қатысушылар бизнеске, оның ішінде сұйытылған мұнай газын өткізу саласындағы әкімшілік қысымның күшеюіне алаңдаушылық білдірді.
Кенқияқ мектебі әкімшілігі тарапынан жеке кәсіпкерге заңсыз ықпал ету фактісіне ерекше назар аударылды. Бұл жағдай Департаменттің бақылауында, заңбұзушылықтар расталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Әнуар Исаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің заң үстемдігі қағидаттарын дәйекті түрде қорғайтынын және адал кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ бизнес қауымдастықты қысым немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне жедел ден қою үшін қолжетімді байланыс арнасы - 1424 Call-орталығын белсенді пайдалануға шақырды.
Барлық келіп түскен өтініштер бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдай отырып, белгіленген тәртіппен қаралады.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок