Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесіп іске асырып жатқан «Әділ қоғам» мәдени-ағартушылық жобасының ресми таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұжымы бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Іс-шараға Департаменттің жеке құрамы, облыстық басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жоба ұлттық мәдени мұра, рухани-адамгершілік құндылықтар және әдебиет арқылы қоғамда адалдық, әділеттілік пен парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Жоба тұжырымдамасына сәйкес, өңірде кітапханалар мен мәдениет ошақтарында «Әділ қоғам» орталықтарын құру, әдеби кештер, жастармен кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Департамент жобаны қоғамда парасаттылық мәдениетін орнықтырудың маңызды құралы ретінде қарастыра отырып, оны өңірде жүйелі түрде ілгерілетуге ниетті.