Антикор-орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті

Антикор-орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті

2025 жылғы 24 маусым күні сағат 9:30-да Антикор-орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Шараға Департамент қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Қонақтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бағыттары, жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары мен «Заң және Тәртіп» идеологиясы туралы ақпарат ұсынылды.

Мектеп оқушылары мен еріктілерге арналған интерактивті алаңдар, викториналар, Антикор-орталығына экскурсиялар және қызметкерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Олар өздерінің қызметі және сыбайлас жемқорлықпен күрестегі нақты нәтижелері туралы әңгімеледі.

Бұл акцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру және жастарды әділетті әрі ашық қоғам құруға белсенді тарту.

Департамент халыққа ашықтық пен адал басқару қағидаларын түсіндіру мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жалғастыратын болады.