Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында алдын алу іс-шаралары кешенін жүзеге асыруды жалғастыруда.
Осы жұмыс шеңберінде Ақтөбе гуманитарлық-техникалық ALT колледжінде студенттермен Департамент қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтердің қатысуымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті дамытуға бағытталған ашық диалог өтті.
«Заң мен Тәртіп» идеологиясының негізгі элементтері ретінде жеке жауапкершілік, заңдылық пен әділеттілік принциптерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Білім беру мекемелеріндегі алдын алу жұмыстары жүйелі негізде жалғасатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат