Ақтөбеде «Заң мен Тәртіп» дәріс залы ашылды

Ақтөбеде «Заң мен Тәртіп» дәріс залы ашылды

Малкежар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Заң мен Тәртіп» дәріс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Башев, институт басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен оқу орнының курсанттары қатысты.

Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Малкежар Бөкенбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Салтанатты рәсімнің бұл бөлігі өз өмірін заңға және Отанға қызмет етуге арнаған көрнекті тұлғаларға деген құрмет пен естелік символына айналды.

Дәріс залының салтанатты ашылу рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Башев «Заң мен Тәртіп» идеясы құқық қорғау жүйесінің болашақ қызметкерлерінің қызметтіндегі ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Ол өз сөзінде:

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету – бұл бір реттік акция емес, құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс. Бұл зал сияқты кеңістіктер қоғамға адал және әділ қызмет етуге дайын, жауапты, принципшіл ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады», - деді.

Жаңа дәріс залы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы дамытуға және курсанттар, студенттер мен өңір жастары арасында заңға құрметті нығайтуға бағытталған құқықтық және тәрбиелік іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаңға айналады.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті заңдылықты, ашықтықты және мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал ете отырып, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.