Мұғалжар ауданында құрылысы ұзаққа созылған 2 әлеуметтік нысан бар: Қандыағаш қаласының Самал ықшам ауданындағы 600 орындық орта мектеп және Ащысай ауылындағы 60 орындық орта мектеп.
Тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшылығы облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары тұлғасындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған нысандарға жұмыс сапарымен барды.
Нысандардың орналасқан жеріне тікелей барып, бақылауды күшейтіп және уәкілетті органдармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, Департамент ұзақ құрылыстар санын азайту және инфрақұрылымдық нысандардың сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП #ЗАҢменТӘРТІП