Департамент халық арасында, оның ішінде аудандар мен шалғай елді мекендерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берумен әртүрлі контингенттегі субъектілер қамтылуда.
Мұғалжар ауданына жұмыс сапары аясында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен кәсіпкерлер, жастар және тұрғындар сияқты нысаналы топтар үшін семинарлар өткізілді.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Ануар Исаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылу барысы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік», «Бизнеске жол» жобалары туралы айтып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келгенде қажетті іс-әрекеттерді еске салды.
Қатысушылардың назарына қоғам мен Департамент арасындағы өзара іс-қимыл туралы оң нәтижелі нақты кейстер жеткізілді. Мысалы, автомобиль жолдары саласындағы заңбұзушылықтарды жою, ӘМӘ санаттағылар үшін тұрғын үй жағдайын жақсарту, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды жою сияқты жағдайлар келтірілді.
Өз кезегінде, қатысқан аудан тұрғындары жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.