Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ жергілікті тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты бойынша ахуалды мониторингтеу мақсатында Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласына барды.
Жұмыс сапарына Мұғалжар ауданының әкімі Ермағанбетов Дархан, Департамент басшысының бірінші орынбасары Ануар Исаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Аслан Құламанов, облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчин, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Есенғұлов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер Еркебұлат Тағанов пен Нұржан Шаңғытбаев, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
Халықтан жиі қойылатын сұрақтардың арасында жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы проблемалар кездесті. Осылайша, Мұғалжар ауданының 50-ге жуық тұрғыны өздерін мазалаған сұрақтар бойынша кеңес алып, тиісті ұсынымдар алды. Сонымен қатар, жекелеген өтініштер одан әрі егжей-тегжейлі зерделеу үшін жазбаша түрде қабылданды.
Кестеге сәйкес жыл соңына дейін Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданы аумағында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша осындай жұмыстарды жүргізеді.