Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Алға ауданында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Алға ауданында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ волонтерлермен бірге Алға ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты - ауданның проблемалық нысандарын жою үшін оларға мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаматтарды қабылдап, жергілікті тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешуге консультациялар мен көмек көрсету.

Мобильді топ құрамына Департамент басшысының бірінші орынбасары Ануар Исаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Аслан Құламанов, Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті Еркебұлан Тағанов, қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Нұржан Шаңғытбаев кірді.

Алға қаласында ұзаққа созылған нысан – «5 қабатты 60 пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылысы» жобасына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, жобаның тапсырыс берушісі Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.

Сапар барысында заңдылық пен тәртіп қағидаларын нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Бұдан басқа, тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы еске салынып, Антикордың өзекті жобаларымен бөлісті. Жалпы 100-ге жуық адам қамтылды.