Қаланың жекелеген аудандарындағы жағымсыз иіске қатысты қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына және кәріздік тазарту құрылыстарына (КҚҚ) барды.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органдар мен жауапты ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен халықты алаңдататын объектілерді тексерулер жүргізілді.
Бару барысында: ауаның ластану себептері талқыланды, қабылданған шараларға баға берілді, уәкілетті органдар үшін нақты ұсыныстар тұжырымдалды. Олардың ішінде - қадағалауды күшейту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және мәселені шешуге формалды көзқарасты болдырмау.
Жағдай ерекше бақылауда. Барлық анықталған мәселелер шешімін табады. Орындалуы туралы қосымша хабарланады.