Департаментпен Ақтөбе бөлімшесі бойынша «ҚТЖ «ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді

Департаментпен Ақтөбе бөлімшесі бойынша «ҚТЖ «ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді

Аталған іс-шараға спикер ретінде превенция басқармасы басшысының орынбасары Аслан Құламанов қатысты.

Жалпы семинарға Ақтөбе бөлімшесі бойынша «ҚТЖ «ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасынан 300-ге жуық адам қатысты.

Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздері түсіндірілді, заң мен тәртіп идеологиясын нығайтуға шақырылды, сондай-ақ тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Соңғы 3 жылда өңірде "ҚТЖ "ҰК" АҚ өңірлік бөлімшесі компаниялар тобының қызметкерлеріне қатысты 14 қылмыстық іс тіркелді. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі пара алу және ұрлау фактілері болып табылады.

Негізінен қылмыстар жұмысқа қабылдау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы қызметкерлерді медициналық тексеру кезінде заңсыз сыйақы алумен байланысты.

Спикер қызметкерлерді парасаттылықтың жоғары стандарттарын сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жеке қарсы тұруға шақырды.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП