Департамент аймақ инвесторларының құқықтарын қорғайды

Департамент аймақ инвесторларының құқықтарын қорғайды

Ақтөбе облысында ағымдағы жылы экономикалық даму, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялар тартуға ерекше назар аударылады.

Осыған байланысты, 21 мамырда Ақтөбе облысында проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін инвестициялық жобаларды іске асыру барысында өңірлік инвестициялық штабтың үшінші отырысы өтті.

Аталған іс-шараға Департамент басшысы Талғат Башев қатысты.

Әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Іс-шара барысында «Capital Plast KZ»  ЖШС, «Qazaq LNG» ЖШС, «Актюбинская медная компания» ЖШС, «Ақтөбе Хюмик» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар баяндады.

Коммуналдық қызметтер, рұқсат құжаттарын беру және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласында туындаған барлық мәселелер бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізілді.

# Заң_мен_тәртіп