Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің басшылығы мен ұжымы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай музейінде іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау, ұлттық мәдениетті және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында өткізілді.
Музейде қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялармен танысып, оның рухани мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызын талқылады. Абайдың еңбектерінде көтерілген адалдық, әділеттілік, ар-ұят, адамгершілік тақырыптары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Бұл іс-шара – тек мәдени шара емес, сонымен қатар қызметкерлердің рухани дүниетанымын кеңейтетін, қоғамда парасаттылық пен заңға құрметті насихаттайтын тағылымды бастама болды. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің моральдық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.