Антикор еріктілер Абай облысындағы әлеуметтік нысандарды бақылауда

Антикор еріктілер Абай облысындағы әлеуметтік нысандарды бақылауда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Абай облысында әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық нысандарға мониторинг жүргізілуде. Олардың қатарында су қоймаларының құрылысы, ауыз су жүйелері мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзге де нысандар бар.

Мониторингтің мақсаты – ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау.

Мониторинг жүргізуге еріктілер, қоғамдық өкілдер және Департамент қызметкерлері қатысуда. Мұндай бірлескен жұмыс жобалардың орындалу барысын әділ бағалап, мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Аталмыш іс-шаралар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.