Абай облысының жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссиясының отырысында туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талқылады

Абай облысының жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссиясының отырысында туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талқылады

Ағымдағы жылдың сәуір айында Абай облысында облыс әкімі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа облыстың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Сұлтанұлы Қыдырбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі өңірдің туристік саласын дамыту болды. Абай облысының тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал үш нысанға ерекше назар аударылды: Алакөл көлі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы, сондай-ақ туристік қажылық орны-Қоңыр-әулие үңгірі.

Өңірдегі туризм деңгейін дамыту және жақсарту бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Нұржан Нұрлыбекұлы Толыбеков туристік қызмет әлемдік экономиканың қарқынды дамуының катализаторы болып табылатынын, осыған байланысты туристер үшін ортақ күш-жігермен қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ осы саладағы бар кемшіліктерді жойып, «Заң мен Тәртіп» қағидатының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, өңірдің комплаенс-қызметтерінің қызметі талқыланды. Комплаенс-офицерлердің оң нәтижелері атап өтілді және олардың қызметін жақсарту үшін ұсыныстар енгізілді.

Департамент халықаралық стандарттарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты уақтылы алдын алу әдістерін жетілдіруді жалғастыруда.