Абай облысында жол жұмыстары маусымының ашылуымен өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері жолдардың жай-күйі мен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасына белсенді мониторинг жүргізе бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті еріктілермен бірлесіп мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жол жұмыстарының орындалуын қадағалайды.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Қалбатау-Көкпекті автожолына ерекше назар аударылды. Еріктілер мен Департамент қызметкерлері жобалық талаптар мен техникалық стандарттардың сақталуын бақылап, жемқорлық тәуекелдерін қадағалау үстінде. Учаскелердің бірінде техникалық бақылаудың болмауы тіркелді, жол жұмыстарның сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етіп, жол қозғалысы қатысушыларына қосымша қауіптер тудыруы мүмкін
Мониторинг рәсімдердің сапасына, ашықтығына және мердігерлердің шарттық міндеттемелерді сақтауына баса назар аудара отырып, жол жұмыстарының толық маусымы бойы жалғасатын болады. Жобалардың адалдығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтауға ерекше назар аударылады.