ӘКІМДІК ЖЕР УЧАСКЕСІН ЖАЛҒА БЕРУ МЕРЗІМІН ӨЗ ҚАЛАУЫНША БЕЛГІЛЕГЕН

ӘКІМДІК ЖЕР УЧАСКЕСІН ЖАЛҒА БЕРУ МЕРЗІМІН  ӨЗ ҚАЛАУЫНША БЕЛГІЛЕГЕН

Аягөз ауданының әкімдігі бау-бақша және мал шаруашылығы үшін жер учаскесін жалға беру мерзімін өз қалауы бойынша белгілеген.

Кәсіпкерлер заңнамада көзделген ең төменгі жалдау мерзіміне қол жеткізе алмаған.

Мысалға, аудан әкімдігінің қаулысымен шаруа қожалықтарға 10 жылдың орнына 5 жылға жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығарылған.

Бұл жер пайдаланушыларға ұзақ мерзімді жобаларды жоспарлау мен жүзеге асыруға, сондай-ақ өз кәсібін дамыту үшін несие алуға кедергі болған.

2023 жылғы 1 наурызда аудан әкімдігінің алаңында Антикор өкілдері кәсіпкерлердің, Аягөз ауданы әкімі орынбасарының және «Атамекен» ҰКП филиалы директорының қатысуымен кездесуі ұйымдастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша әкімдік жерді жалға беру мерзімін ұлғайту туралы берілген қаулыға толықтыру шығарылды.