Көкпекті ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелеріне салынатын салық төлемінің мөлшері дұрыс қолданылмай келген.
Салық заңнамасына сәйкес шаруа қожалықтары арнайы салық режимін таңдауға құқылы.
Бірыңғай жер салығын есептеу есепті салық кезеңі үшін 0,5 пайыз мөлшерінде жүргізіледі.
Осыған қарамастан, 26 шаруа қожалығына қатысты жер салығы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізілген.
Мәселен, табыстың жылдық айналымы бойынша 5 мың теңгені құрайтын салықтың орнына 43 мың теңге салық салынған.
Біз енгізген ұсыным шеңберінде құқықтық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді.