АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласында жүргізіліп жатқан сыртқы талдау шеңберінде  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Гүл бизнесімен айналысатын адамдар тобы 4 ай бойы жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарта алмай келген.

Семей қаласының әкімдігі дизайнның эстетикалық келбеті мен аймақ кодына сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартпаған.

Бұл ретте кәсіпкерлер Жер кодексінде көзделген барлық талаптарды сақтаған (37-бап).

Антикордың араласуымен кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жалдау мерзімдері ұзартылды.