Қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Облыстық прокуратурамен бірлесіп азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтар қоюға, сондай-ақ қолданыстағы заңнама бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында түсініктемелер алуға мүмкіндік берілді. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен бюрократиялық кедергілер жағдайларына байланысты өтініштерге ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматы нақты өтініштерді жедел қарастыруға және сол жерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді, бұл халықпен жұмыстың тиімділігін арттырып, қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланысты нығайтты.