Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі шаралар мен заңнаманың новеллалары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Дүйсенова Бота: «Заң мен тәртіпті сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті әрі қоғам сенімінің негізі», – деп атап өтті.
Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты сананы қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.