«Заң мен Тәртіп» апталығы: «Әділ қоғам» жобасының ашылуы

«Заң мен Тәртіп» апталығы: «Әділ қоғам» жобасының ашылуы

Қоғамда әділдік пен адалдық қағидаттарын ілгерілету шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Әділ қоғам» жаңа отандық жобасын таныстырды. Бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мәдени және адамгершілік бағдарларды енгізуге бағытталған.

Іс-шараға агенттік төрағасы Асхат Жұмағали, Мәдениет министрі Аида Балаева, Мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттері, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің басшылары мен өкілдері атсалысты.

Құттықтау сөзінде Асхат Жұмағали Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жобаның негізі ретінде атап өтіп, «Әділ қоғам» бастамасы осы құндылықтарды бейнелейтінін айтты.

Өңірлік деңгейде, Абай облысында «Әділ қоғам» жобасын жүзеге асыруда шығармашылық зиялы қауымның белсенді қатысуы көзделіп отыр. Өңірлік бағыттың үйлестірушісі ретінде Қазақстан Жазушылар одағының Абай облыстық филиалының төрағасы, ақын Қарт Мерей Мейртайұлы белгіленді.

Астанада өткен кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті, мәдениет басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері онлайн форматта қатысты. Қатысушылар моральдық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және мәдени бастамалар арқылы әділдік қағидаттарын нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Бастама қоғамдағы адамгершілік бағдарлар мен әділдікті нығайту ісіндегі шығармашылық әлеуетті және қоғамдық жауапкершілікті біріктіру үшін жаңа платформа болады.